Whirlpool PK 640 R L GH /HA Bedienungsanleitung Seite 67

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 72
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 66
Керамикалық шыны модульді* пайдалану
бойынша кеңестер
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Қуаты
Жылумен пісіру плитасы
ӨШІРУЛІ
Майды немесе шоколадты еріту
Сұйықтықты қыздыру
Крем немесе соус дайындау
Қуыру (қаттырақ)
Қуыру
Екі пісіру аймағын қосу
Қайнау температурасында пісіру үшін
Үлкен еттерді қайнату үшін
Плита көмегімен жақсы нәтиже алу үшін:
Пісіру аймағына толық жабысу үшін асты тегіс табаны
пайдаланыңыз.
Қызуды толық пайдалану үшін ыстық қабатты толық
жабатындай диаметрі үлкен табаны пайдаланыңыз.
Пісіру аймақтары ғана емес, сонымен қатар ыдыстың
өзін дұрыс және ұзақ пайдалану үшін ыдыстың табаны
құрғақ әрі таза болуын тексеріңіз.
Газ оттығында пайдаланылатын ыдысты пайдаланбаңыз:
газ оттығындағы қызу табаның қалпының бұзылып және
оның толық тимеуіне себеп болады.
Пісіру аймағын ыдыссыз қалдырмаңыз. Себебі ол
қызып ең жоғарғы температурасына жеткенде плитаға
зақым келуі мүмкін.
! Шыныны жабыстыру үшін қолданылған желім қалдықтары
болуы мүмкін. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны жұмсақ
тазалағыш өніммен кетіру керек. Пайдаланудың алғашқы
бірнеше сағат мерзімінде резеңке иісі шығуы мүмкін, бірақ
ол тез жоғалады.
Сақтандырулар мен
кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай жасақталып, дайындалған. Төмендегі ескертулер
қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген
және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл құрылғы 3-сынып ендірілген құрылғы болып
табылады.
Газ құрылғылары тиімді жұмыс істеуі үшін тұрақты
ауа алмасуын қажет етеді. Плитаны орнату кезінде
құрылғы «Орналастыру» параграфында берілген
нұсқауларды орындаңыз.
Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен сериялық нөмір
тілімшесінде таңбалары көрсетілген елдер үшін
жарамды.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны басқа
түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту үшін)
дұрыс емес әрі қауіпті. Өндіруші құрылғыны
тиісті, дұрыс және саналы түрде пайдаланбау
нәтижесінде пайда болған кез келген зақымға
жауапты болмайды.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалардың «●»/«»
күйінде тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде штепсельдік ұшты желі
розеткасынан әрдайым ажыратыңыз, кабельден
тартып суырмаңыз.
Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын ешқашан
жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Байқаусыздықтан күйіп қалмау үшін табалардың
тұтқаларын әрдайым плитаның ортасына қарай
бұрып қойыңыз.
Шыны қақпақты (бар болса) газ оттықтары немесе
электр плиталар әлі ыстық болған кезде жаппаңыз.
Үстіне таба қоймай электр конфорканы қосып
қоймаңыз.
Тұрақсыз немесе майысқан табаларды қолданбаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық
қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем
дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
KZ
67
Seitenansicht 66
1 2 ... 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare